Descrição:
Алматыда жаға ұстатарлық жағдай. 28 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан үш баласымен бірге құлап көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін Жетісу-1 шағынауданындағы үйлердің бірінде болған. Келіншектің балаларды терезеден итеріп жіберіп, кейіннен өзі секіріп кеткені рас па? Әйелдің мұндай әрекетке баруына не себеп болуы мүмкін? Бұл сұрақтарға Almaty.tv тілшісі жауап іздеп қайтқан еді. Айдың-күннің аманында тағы бір отбасы қара жамылды. Алматының Жетісу-1 шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел үш баласын алып, 9-қабаттан терезеден секіріп кеткен. Куәгерлердің сөзінше, үш баласы бар келіншек көпқабатты үйдің 9-қабатында пәтер жалдап тұрған. Оқиға шамамен түскі 13.00 шамасында болған. Балалар құлаған орын қазір құммен себіліп, тазаланып қойғанын көруге болады. Жалдамалы пәтерге отбасы мамыр айында көшіп келген. Қапияда көз жұмған балалардың жасы 6, 5 және 2-де болған. Екеуі қыз, біреуі ұл бала. «Жерде балалардың қалай құлап жатқанын өз көзіммен көрдім. Есеңгіреп қалдым. Біреуі 3-4 жасар бала жартылай жалаңаш болды. Бұтында шалбары да болмады. Ата-аналар балаларының өміріне неліктен осылай немқұрайлы қарайтынын түсінбеймін. Өте өкінішті», – дейді куәгерлердің бірі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, әйел екі баласымен оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал бір баласы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болыпты. Куәгерлер отбасыны толық, ел қатарлы өмір сүріп жатқан жанұя деп сипаттайды. «Мен олардың қыздарын білемін. Қыздар дүкенге өздері келіп, керек затын сатып алатын. Ешкімге ешқандай зияны жоқ отбасы еді. Балалары таза, ұқыпты болатын», – деді дүкен сатушысы. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға болар алдында әйелі мен жұбайының арасында жанжал туған. Тіпті, әйел өлім алдында хат жазып қалдырыпты. Хатта келіншек өмірдің сынағына шыдамағанын, шаршағанын және ешкімді нақты кінәламайтынын жазған. Марқұмның мұндай жантүршігерлік шешімге не үшін барғаны нақты белгісіз. «Көпқабатты үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 28 жастағы әйел адам үш баласымен бірге секіріп кетті. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу тобы құрылды», – деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Сондай-ақ көршілерінің сөзінше, келіншектің күйеуі 30 жаста және ол Алтын Орда базарында жұмыс істеген. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Үй есігі іштен құлыпталып тұрғандықтан, тергеушілер есікті бұзып кірген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Назкен Еркін, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы Наш сайт - http://www.almaty.tv/ Телеканал Алматы в социальных сетях: 1 канал Youtube - https://www.youtube.com/user/AlmatyUS 2 канал Youtube - https://www.youtube.com/c/AlmatyTVNews Facebook RUS - https://www.facebook.com/almaty.tv Facebook KAZ - https://www.facebook.com/almaty.tv.kaz Twitter - https://twitter.com/almaty_tv instagram - https://www.instagram.com/almaty.tv
Preparando opções de download
O site http://unidownloader.com é a melhor maneira de baixar um vídeo ou uma faixa de áudio separada se você quiser fazer isso sem instalar programas e extensões.
A extensão UDL Helper é um botão conveniente que é perfeitamente integrado aos sites do YouTube, Instagram e OK.ru para download rápido de conteúdo.
O programa UDL Client (para Windows) é a solução mais poderosa que oferece suporte a mais de 900 sites, redes sociais e sites de hospedagem de vídeo, bem como a qualquer qualidade de vídeo disponível na fonte.
O UDL Lite é uma maneira realmente conveniente de acessar um site a partir do seu dispositivo móvel. Com sua ajuda, você pode facilmente baixar vídeos diretamente para seu smartphone.
Os formatos de melhor qualidade são FullHD (1080p), 2K (1440p), 4K (2160p) e 8K (4320p). Quanto maior for a resolução da sua tela, maior deverá ser a qualidade do vídeo. No entanto, há outros fatores a serem considerados: velocidade de download, quantidade de espaço livre e desempenho do dispositivo durante a reprodução.
O navegador/computador não deve congelar completamente! Se isso acontecer, informe o fato com um link para o vídeo. Às vezes, os vídeos não podem ser baixados diretamente em um formato adequado, por isso adicionamos a capacidade de converter o arquivo para o formato desejado. Em alguns casos, esse processo pode usar ativamente os recursos do computador.
Você pode baixar um vídeo para seu smartphone usando o site ou o aplicativo PWA UDL Lite. Também é possível enviar um link de download via código QR usando a extensão UDL Helper.
A maneira mais conveniente é usar o programa UDL Client, que suporta a conversão de vídeo para o formato MP3. Em alguns casos, o download de MP3 também pode ser feito por meio da extensão UDL Helper.
Esse recurso está disponível na extensão UDL Helper. Certifique-se de que a opção "Show the video snapshot button" esteja marcada nas configurações. Um ícone de câmera deve aparecer no canto inferior direito do player, à esquerda do ícone "Settings" (Configurações). Quando você clicar nele, o quadro atual do vídeo será salvo em seu computador no formato JPEG.
Não custa nada. Nossos serviços são totalmente gratuitos para todos os usuários. Não há assinaturas PRO, nem restrições quanto ao número ou à duração máxima dos vídeos baixados.